Ғани Қасымов кезектен тыс сайлауға Назарбаевтың кандидатурасын жылжытуды ұсынды

Ғани Қасымов. ©Тұрар Қазанғапов

"Патриоттар партиясының" төрағасы Ғани Қасымов  "Қазақстан-2050" Демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясы атынан кезектен тыс президент сайлауына Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын жылжытуды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Коалиция атынан біз қазіргі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жалғыз кандидат болатынын мәлімдейміз", - деді Қасымов жалпыұлттық коалиция отырысы барысында. 

Ол коалицияның бүгін қабылдағалы отырған үндеуінде бұл қозғалыстың Елбасы бағытын қолдайтыны аталып өткенін айтты. "А" дей отырып, "б"-ны да айту керек", - деді Ғани Қасымов. 

Реклама
Реклама

Демократиялық күштердің "Қазақстан-2050" жалпыұлттық коалициясы 6 саяси партиядан, 18 ірі қоғамдық ұйымнан, саяси партиялардың 321 филиалынан және 500 ірі үкіметтік емес ұйымнан тұрады. Коалиция Қазақстанның 6,5 миллионнан астам азаматының мүддесін қорғайды. 

 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news2
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама