Ғарышкерлер Қазақстанға қонған кемеден шықты

Қазақстан даласына қонған "Союз МС-17" ғарыш кемесі экипажының барлық үш мүшесі құтқарушылардың көмегімен аппараттан шықты. Мұны Роскосмос эфирінен көруге болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап.

"Құтқарушылар кемеден бірінші болып командир Сергей Рыжиковты (ғарышкер шығу есігіне жақын отырған), содан кейін астронавт Кэтлин Рубинсті шығаруға көмектесті. Кэтлинге гүл шоғы берілді", - деді ғарышкер Анатолий Иванишин трансляцияға пікір білдіре отырып. 

Соңғы болып Сергей Кудь-Сверчков шығарылды. Кейін әрқайсына медициналық маска берілді.

Реклама
Реклама

Иванишиннің айтуынша, ғарышкерлерге кемеден шығып, жерде жүру үшін мамандардың көмегі қажет.

"Көк көлікке дейін 10 метр жүруге тырысқанымда, ешқашан жүріп көрмеген сияқты болдым", - дейді Жерге қонған ғарышкер.

Енді Ресейлік ғарышкерлер Мәскеу маңындағы Жұлдызды қалаға, ал америкалық АҚШ-қа қайтады.

Бұған дейін "Союз МС-17" ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш станциясының экипаж мүшелерімен бірге Қазақстан даласына сәтті қонғаны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама