Ғарышта болған Құран кітабы Астанада көрмеге қойылды

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасы музейінің ғимаратында "Қасиетті Құран кітаптары" атты көрме ашылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігінің сайтына сілтеме жасап. 

Ашық ғарышта, "Мир" халықаралық ғарыш бекетінде болған Құран басылымы топтамадағы ерекше жәдігерлердің бірі. Оны Мемлекет басшысына отандық ғарышкер Талғат Мұсабаев сыйға тартқан.

Сонндай-ақ, көрме аясында келушілерге кітапхана қорының бірегей жинағындағы Құранның араб тіліндегі, сондай-ақ қазақ, орыс, ағылшын тіліндегі нұсқаларының 55 данасы ұсынылады.

Реклама
Реклама

Көрменің басты ерекшелігі - Кітапхана қорындағы сирек кездесетін кітаптардың,  XVIII-XIX ғасырлардағы жазылған түпнұсқа қолжазбалары көрсетіледі. 

Олардың көбісі Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевқа өзге мемлекет өкілдерінен дипломатиялық сый ретінде тарту етілген. Әр кітап мұқабасының сыртқы келбеті көркемдік, зергерлік және каллиграфиялық шеберлікпен ерекшеленеді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама