03 сәуір 2023 11:10

Генерал Күдебаевқа халықаралық іздеу жарияланды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Алматы облысы Полиция департаментінің экс-басшысы Серік Күдебаевқа халықаралық іздеу жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысы Полиция департаментінің экс-басшысы Серік Күдебаевқа халықаралық іздеу жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін БАҚ Күдебаевтың шетелге қашқаны туралы мәлімдеген болатын. Ол Қырғызстанмен шекарадан өтіп, ал сол жерден Өзбекстанға өтіп, кейін Солтүстік Кипрге ұшып кетуі мүмкін екені жазылған еді.

Айта кетейік, Алматы облысы Полиция департаментінің бұрынғы бастығы Серік Күдебаевтың соты қаңтарда басталған болатын. Ол қаңтар оқиғасы бойынша күдікті деп танылған еді.

Реклама
Реклама

Еске салайық, бұған дейін прокурор Серік Күдебаевты 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұрағаны хабарланған болатын. Кейін күдікке ілінген генерал Күдебаев ауруханаға түскені белгілі болды. Сондай-ақ, Серік Күдебаевқа қатысты сот отырысы төртінші рет кейінге шегерілді.

Генерал Серік Күдебаев сотқа мәжбүрлі түрде жеткізіледі

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram