21 тамыз 2023 | 17:33

Генерал-майор Берік Біләлов кінәлі деп танылды

Фото: gov.kz

Солтүстік Қазақстан облысы ҚАЖД бастығының уақытша міндетін атқарушы генерал-майор Берік Біләлов алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Солтүстік Қазақстан облысы ҚАЖД бастығының уақытша міндетін атқарушы генерал-майор Берік Біләлов алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сот үкімі бойынша, Біләловке бес жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындалған. Сондай-ақ, ол 10 жылға мемлекеттік қызметте, сот билігінде, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, Ұлттық банк пен оның ведомстволарында, басқа да мемлекеттік ұйымдар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазым атқару құқығынан айырылды.

Реклама
Реклама

Бұрынғы жоғары лауазымды полиция қызметкері жазасын орташа қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде өтейді.

Сондай-ақ, сот Президент атына Біләловті "II дәрежелі Даңқ" орденінен және полиция генерал-майоры атағынан айыру туралы ұсыныс енгізді.

Бұған дейін генерал-майор Берік Біләловке қарсы қылмыстық іс тергеліп жатқаны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная