30 наурыз 2023 13:03

Генерал Серік Күдебаев сотқа мәжбүрлі түрде жеткізіледі

Дина Шарипханова Корреспондент

Алматы облысы Полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев сотқа келмеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жетісу облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысы Полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев сотқа келмеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жетісу облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Күдебаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша, сот отырысы 3 сәуірге таңғы сағат 10.00-ге шегерілгені хабарланды.

"Сотталушының сот отырысына келмеуіне байланысты сотталушының дәлелді себептерін растайтын мәліметтер жоқ.

Соған байланысты Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 157 және 335-баптарына сәйкес сот Күдебаевты көрсетілген уақытқа мәжбүрлеп әкелу туралы қаулы шығарды", - делінген сот хабарламасында.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram