20 маусым 2023 | 09:10

Германия президенті мемлекеттік сапармен Қазақстанға келді

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:t.me/KZgovernment

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға Германияның Федералды президенті Франк-Вальтер Штайнмайер мемлекеттік сапармен келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға Германияның Федералды президенті Франк-Вальтер Штайнмайер мемлекеттік сапармен келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аса мәртебелі мейманды Астана әуежайында премьер-министр Әлихан Смайылов қарсы алды.

Реклама
Реклама

Сапар аясында екі мемлекет басшылары Қазақстан-Германия стратегиялық серіктестігін нығайту мәселелері бойынша келіссөз жүргізіп, оның қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжаттарға қол қояды деп жоспарланған.

Сонымен қатар, Германия Федералды Президенті Қазақстан және Германия университеттері ректорларының форумында сөз сөйлеп, Қазақстан Президентімен бірге қазақ-герман бизнес форумына қатысады деп күтіледі.

Бұдан бөлек, мемлекеттік сапар аясында Франк-Вальтер Штайнмайер Маңғыстау облысына барады. Онда Қазақстан-Германия инженерлік институтының ашылуына және Svevind швед-герман компаниясының жасыл сутегі өндіретін зауытында сынама бұрғылау жұмыстарын іске қосу рәсіміне қатысады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная