ПОДЕЛИТЬСЯ
01 қазан 2018 | 17:22
Германияның құқық қорғау органдары қазақстандық әйелдің баласын тартып алды
Германияда құқық қорғау органдарының өкілдері қазақстандық әйелдің баласын тартып алды. Әйел балаға дене зақымын келтірді деп айыпталып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Германияда құқық қорғау органдарының өкілдері қазақстандық әйелдің баласын тартып алды. Әйел балаға дене зақымын келтірді деп айыпталып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Германия билігіндегілердің айтуынша, әйел қызды сабаққа барар алдында жазалаған. Ол бұл жағдай жайлы мектепке барған кезде айтқан. Қазіргі уақытта қазақстандық әйел адвокатпен сотқа қажетті барлық құжатты рәсімдеп жатыр", - деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Айбек Смадияров.
Ол Германияда ата-аналардың баланы жазалай алмайтынын айтып өтті.
"Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр, қыз балалар үйінде. Оның анасына қайтарылуы үшін қолдан келгенді жасаймыз", - деді ведомство өкілі.
Показать комментарии
Читайте также