Годунова Тоқаевқа республикалық бюджет жобасын бағалау нәтижелері туралы баяндады

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Ақорданың баспасөз қызметінен

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында Президентке Есеп комитетінің биылғы 9 айда атқарған жұмысы туралы есеп берілді. Осы кезеңде барлығы 3,4 триллион теңге бюджет қаражатын қамтитын 99 объектіде 17 аудиторлық тексеру жүргізілген.

Наталья Годунова Қасым-Жомарт Тоқаевқа 2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын бағалаудың негізгі нәтижелері туралы да мәлімет берді. Онда даму бюджетінің 3,5 триллион теңге қаржысы қамтылған.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар Мемлекет басшысына салық жеңілдіктерінің тиімділігіне жүргізілген аудиттің алдын ала қорытындылары ұсынылды.

Кездесу қорытындысы бойынша Президент мемлекеттік аудит жүйесін одан әрі дамытуға қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама