09 маусым 2021 | 12:00

Головкин Жүкембаевтың Америкадағы жекпе-жегіне баға берді

Камила Долаева Журналист

Бірінші жартылай орта салмақтағы қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (18-1, 14 KO) аты шыққан отандасы, орта дивизионда IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) кездесті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бірінші жартылай орта салмақтағы қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (18-1, 14 KO) аты шыққан отандасы, орта дивизионда IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) кездесті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Әлемнің қай түкпірінде жүрсек те GGG-ды мақтан тұтамыз. Қазақ кәсіпқой бокшыларына чемпиондық шыңға жол салған Гена ағамызбен жақсы жүздесу өткіздік. Соңғы жекпе-жегіме бағасын беріп, ақылын айтты. Үлкен рақмет! Аллах бұйыртса, бұл үлкен жолдың тек басы. GGG өз ісінде ең мықты", - деп жазды Жүкембаев Instagram-да Головкинмен бірге түскен суретін жариялап.

Еске салайық, Жүкембаев кейінгі рет 30 мамырда Лос-Анджелесте пуэрториколық Сабриэль Матиаспен (17-1-0, 17 KO) жұдырықтасты. Төртінші раундта Батыр нокдаунға түсті, ал сегізінші раундтан кейін қазақстандық боксшының командасы жекпе-жекті тоқтату туралы шешім жасады. Бұл оның карьерасындағы алғашқы жеңіліс болды және АҚШ-тағы бірінші айқасы еді.  

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная