04 шілде 2022 11:33

Головкин карьерасын аяқтай ма? Боксшы ойын айтты

Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) Сауль "Канело" Альвареспен (57-2-2, 39 КО) үшінші жекпе-жек алдында карьерасын аяқтауға қатысты ойын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Ары қарайғы әрекетімізді нәтижеге байланысты жоспарлаймыз. Келесі жекпе-жектен кейін не істейтінімізді ойлаймыз. 

Зейнетке шығу - өте қиын мәселе. Әр күн жаңа дүние алып келуі мүмкін. Келесі айқастан кейін қаржылық жағынан қандай мүмкіндіктер ашылатынын және қаншалықты қызық айқастар бары белгілі болады. Мен уақыты келгенде шешім шығарамын. 

Реклама
Реклама

Болжам жасау қиын. Бокспен өзіме ұнайтындықтан шұғылданамын. Зейнетке кету әдетте бір ғана себепке байланысты болмайды. Бұған бірқатар себеп итермелейді. Ал әзірге мен додадамын", - дейді Головкин. Оның сөзін Fightnews.info келтірді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram