08 қараша 2021 | 11:35

Головкин мен Канелоның қайта кездесуіне аз уақыт қалды - DAZN

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазангапов

Dazn стриминг платформасы орта салмақтағы абсолют әлем чемпионы мексикалық Сауль Канело Альварес келесі жекпе-жегін өткізуі мүмкін қарсыластарының тізімін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Dazn стриминг платформасы орта салмақтағы абсолют әлем чемпионы мексикалық Сауль Канело Альварес келесі жекпе-жегін өткізуі мүмкін қарсыластарының тізімін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Үміткерлер қатарына "Канелоның" бас антагонисі - IBF және IBO бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин де енді. Қарсыластар рингте екі рет кездескен еді: бірінші жекпе-жек 2017 жылдың қыркүйегінде тең есеппен аяқталды, ал бір жылдан кейін Альварес жеңді. DAZN-нің айтуынша, олардың жекпе-жегі даулы болды, боксшылардың жанкүйерлері жекпе-жекке қатысты әлі де түрлі пікір айтады.

"Головкин мен Альварестің қайта кездесуіне аз уақыт қалды. 39 жастағы Головкин жеңіс үшін мүмкіндігі шектеулі және бұл Альвареске орта салмақтағы IBF белдігіне үміткер болуға мүмкіндік береді. Сенбіде Плантты жеңгеннен кейін, Альварес карьерасынан барынша пайда табуға және мұра қалдырғысы келетін ұмтылысын талқылады, pound-for-pound санатында екінші орын алуы боксшының түйіндемесін жақсартады", - делінген DAZN басылымында.

Реклама
Реклама

Альварестің өзі Калеб Плантты жеңгеннен кейін Головкинмен үшінші жекпе-жек өткізуге дайын екенін мәлімдеген еді. GGG де келіскен.

Айта кетейік, Головкиннің жекпе-жегі желтоқсанда Жапонияда орта салмақтағы WBA Super чемпионы Риота Муратаға қарсы өтеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная