16 қаңтар 2020 | 13:01

Гонконгта ұсталған қазақстандық студент кепілақымен босап шықты

Гонконгта ұсталған қазақстандық студент Нүкпи Әбілқайырды кепілақымен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Гонконгта ұсталған қазақстандық студент Нүкпи Әбілқайырды кепілақымен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

2020 жылы 15 қаңтарда Гонконгтың аудандық сотында Әбілқайыр Нукпиді кепілақымен шығару бойынша үшінші сот отырысы өтті. Нукпидің мүддесін Баптистік университет ұсынған адвокат қорғап жатыр.

Реклама
Реклама

Қорғаушы тараптың дәлелдерін назарға ала отырып, сот Ә.Нукпиді кепілақымен босату туралы шешім қабылдады. Сот шешіміне сәйкес, Нукпи 2020 жылы 26 ақпанға белгіленген келесі сот отырысына дейін анасымен бірге Баптистік университеттің кампусында болып, бекітілген коменданттық сағатты сақтауға міндетеледі. 

ҚР Гонконгтағы Бас консулдығы Нукпидің анасына толық қолдау көрсетіп, адвокаттармен келіссөздер жүргізуіне, сот отырыстарына қатысуына және басқа да қажетті консулдық-құқықтық мәселелеріне атсалысып жатыр

Айта кетейік, Әбілқайыр Нүкпи былтыр 19 қарашада ереуілге шыққандармен бірге ұсталған еді. Ол Гонконг Баптистикалық университетінде бірінші курста оқиды. Әбілқайырды ұстау кезінде ол аздаған жарақат алды. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная