Google қазақстандықтарды арнайы "дудл" арқылы Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Google америкалық компаниясы қазақстандықтарды арнайы "дудл" арқылы Тәуелсіздік күнімен құттықтады. 16 желтоқсан қарсаңында іздеу сайтының парақшасында еліміздің туының түсіндей логотип пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Логотиптың ортасында Алматыдағы Тәуелсіздік монументіндегі "Алтын адам" бейнеленген. Қоладан құйылған қанатты барыстың үстінде оң қолында қыран құсы, сол қолында садағы, белінде қанжары мен асынып алған қорамсағындағы сауыт, бұзар алтынға малынған жебелері бар дулығалы жас сарбаздың құрыштай мығым бітім-тұлғасы аса айбарлы кейіппен, тәуелсіздік монументінің беріктігі мен ауқымдылығын айқын аңғартады.

Айта кетейік, компания республика тұрғындарын Тәуелсіздік күнімен алғаш рет құттықтап жатқан жоқ. 2015 жылдың желтоқсанында іздеу сайтының басты бетінде мынадай логотип пайда болған.

Реклама
Реклама

2011 жылдың желтоқсанында, Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығы атап өтіліп жатқанда, Google қазақстандықтарды осылай құттықтады:

Google айтулы күндерге арналған логотиптерін "дудл" деп те атайды. Олар қолданушыларды мереке күндері, адамзат тарихына үлес қосқан ұлы тұлғалардың туған күндері жайлы ескертіп отырады.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама