Green Bus автобус жүргізушілерінің неліктен жұмысқа шықпай қойғанын айтты

Green Bus автобус жүргізушілерінің неліктен жұмысқа шықпай қойғанын айтты

Алматыда Green Bus к?лік компаниясы №30, 32 ж?не 121 ба?ытта?ы автобустарды? неліктен ж?рмей ?о?анды?ын т?сіндірді. Белгілі бол?андай, б?гін та??ы уа?ытта ?ш ба?ытта?ы автобустарды? ж?ргізушілері е?бека?ыны? т?мен екенін айтып, ж?мыс?а шы?удан бас тартты. Tengrinews.kz тілшісіне "Green Bus Company" ЖШС директоры Бауыржан К?лішев 30 ша?ты ж?ргізушіні? наразылы? таныт?анын ж?не ?азір олармен келісс?з ж?ріп жат?анын айтты. 

Алматыда Green Bus көлік компаниясы №30, 32 және 121 бағыттағы автобустардың неліктен жүрмей қоғандығын түсіндірді. Белгілі болғандай, бүгін таңғы уақытта үш бағыттағы автобустардың жүргізушілері еңбекақының төмен екенін айтып, жұмысқа шығудан бас тартты. Tengrinews.kz тілшісіне "Green Bus Company" ЖШС директоры Бауыржан Күлішев 30 шақты жүргізушінің наразылық танытқанын және қазір олармен келіссөз жүріп жатқанын айтты. 

"Бізде жанармай құю станциясында расында да апат болды, автобустардың көбі сол себепті кешікті. Бірнеше жүргізуші жиналып, біз оларды жоспарды орындауға мәжбүрлеп жүргенімізді айтып, наразылығын білдіре бастады. Бүгін жиналғандар - ол жоспарды орындамайтын 20-30 шақты адам. Жоспарды орындап жүрген көпшілік 100-110-120 мыңнан жалақыларын алып жүр. Жоспарды орындамағандар 60 мың теңге алады. Ал қазір олар қорқытып, айлықтарын көтеруін талап етіп жатыр", - дейді автопарк жетекшісі Бауыржан Күлішев. Оның айтуынша, бас көтеріп жатқан жүргізушілердің көпшілігі бұрын қолдан жасалған немесе бос билет таратқан кезде ұсталған екен. 

"Яғни, қазір қалада жолаушылардан жүргізушілердің жалған билет немесе билеттерді мүлде бермеу жағдайларына байланысты арыз көп түсіп жатыр. Бұл арыздар бойынша шара қолданбаймыз. Сәйкесінше, жүргізушілердің көьбінде жоспар орындалмайды. Жұргізушілердің "Оңайдың" бос билетерін тарату жағдайлары жиі болады. Сонда күніне олар 50-100 бос билет таратады. Ал осымен ұсталып, әрбір бос билет үшін кассаға 80 теңгеден тқлеткен кезде олар наразы болады", - дейді Күлішев.

Реклама
Реклама

Біз оларға жұмысқа шығып, кәсіподақтармен бірге барлық қиындықты талқылап алыңдар деп бірнеше рет айтқанбыз. Таңертең 40 шақты автобус шықпай қалды, бірақ қазір қосымша жүргізушілер келіп жатыр, түске дейін барлығы шығады. Келіссөз жүргіземіз, бізде кәсіподақ бар. Бізде әрбір жүргізушімен келісім комиссиясы жұмыс істейді, арыздарын тыңдайды", - дейді парк әкімшілігіндегілер.

№121 бағыттағы автобус жүргізушілерінің бірі жоғары айлыққа қол жеткізуге ниетті екенін жеткізді. 

"Бұрын "Алматыэлектркөлікте" жұмыс істеген кезде 14-15 күнде 120-150 мың теңге алатынбыз. Сол жоспарлар болатын, сол жұмыс күндері, сол уақыт. Бұрын қалай істедік, солай істеп келеміз, ал айлық кеміп қалды. Осы айда кейбіреулер 40, 60 мың теңге алды. Жоспарды күнде көтереді. Жоспарды көтерсін, жарайды, біз келістік. Бірақ бұрынғыдай 120-150 мың төлесін. Айлық төмен, аула сыпырушылар бізден көп алады", - дейді ер адам.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама