Грузияда “Қыздар.нет“ менеджерлерінің бірі ұсталды: тергеу туралы тағы не белгілі?

Грузияда “Қыздар.нет“ менеджерлерінің бірі ұсталды: тергеу туралы тағы не белгілі? Фото:depositphotos.com

Грузияда халықаралық іздеуде жүрген шетелдік ұсталды. Бұл туралы ІІМ мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Грузияда іс бойынша фигуранттардың бірі ұсталды

ІІМ шілденің басында Грузиядағы Интерполдың Ұлттық орталық бюросының ықпалдасуымен халықаралық іздеуде жүрген шетелдік ұсталғанын нақтылады.

Жарнама
Жарнама

Ведомство мәліметінше, ұсталған азамат "Қыздар.нет" менеджерлерінің бірі болған.

Қазіргі уақытта құзырлы органдар оны Қазақстанға экстрадициялау мәселесін шешіп жатыр.

Алты менеджер нақты мерзімге сотталды

ІІМ маусымда Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты "Қыздар.нет" сайтының топ-менеджерлері делінген алты адамға қатысты айыптау үкімін шығарғанын еске салды.

Сот оларды Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша кінәлі деп таныды:

  • "Трансұлттық ұйымдасқан топ құру, оған басшылық ету және оған қатысу" (ҚК 264-бабы);
  • "Жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық" (ҚК 309-бабы).

Бес айыпталушыға мүлкін тәркілей отырып, 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілген.

Тағы бірі – мүлкі тәркіленіп, 10 жылға сотталды. Сонымен қатар, ол заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқаны және қылмыстық жолмен алынған табыстарды заңдастырғаны үшін кінәлі деп танылды.

"Қыздар.нет" ұйымдастырушыларының ісі не болды?

Еске салайық, 15 маусымда Алматы прокуратурасы мен ІІМ "Қыздар.нет" сайтының ұйымдастырушылары ұсталғанын хабарлаған болатын.

ІІМ тергеу амалдары Қылмыстық кодекстің 309-бабы – "Жезөкшелікпен айналысуға, сексуалдық сипаттағы өзге де қызметтер көрсетуге арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық" бойынша жалғасып жатқанын айтты.

Тергеуді ІІМ қызметкерлері, прокурорлар және Қаржылық мониторинг агенттігінің (ҚМА) "Криптон" арнайы бөлімшесінің мамандары жүргізіп жатыр.

"Аффилирленген жеке және заңды тұлғалардың қызметіне, сондай-ақ интернет-ресурсты құру мен оның жұмыс істеуі кезінде ақпараттық технологияларды пайдалануға қатысты мән-жайлар тексеріліп жатыр. Барлық анықталған жайт бойынша қажетті іс-жүргізу жұмыстары атқарылып жатыр", – деп хабарлады ІІМ.

Бұдан бөлек, ҚМА топ мүшелерінің қаржы ағындарын, мүлкін және қаржы-шаруашылық қызметін зерделеп жатыр.

Сайттың бұғатталуы және серверлерді іздеу

ІІМ Мәдениет және ақпарат министрлігімен бірлесіп, Қазақстанның бүкіл аумағында "Қыздар.нет" сайтына қолжетімділікті шектегенін нақтылады.

Платформаның серверлік инфрақұрылымы шетелде орналасқандықтан, құқық қорғау органдары жұмысқа халықаралық арналарды тартты.

"Бас прокуратурамен өзара іс-қимыл жасай отырып, шет мемлекеттердің құзыретті органдарының іс-жүргізу тапсырмаларын орындауға, электрондық дәлелдемелер алуға және серверлік инфрақұрылымға қатысты одан арғы іс-жүргізу әрекеттерін жүргізуге бағытталған халықаралық құқықтық көмек тетіктері іске асырылып жатыр", – деді ІІМ өкілдері.

Бұған дейін "Кыздар.нет" ұйымдастырушылары ұсталғаннан кейін негізгі сайттың ашылмай қалғанын жазған болатынбыз. Алайда пайдаланушылар ресурстың "айналары" әлі де қолжетімді екенін хабарлаған еді. Толығырақ осы жерден оқыңыз.

Анықтама: Сайттың "айнасы" – басқа серверлерде орналасқан негізгі ресурстың дәл көшірмесі. Мұндай көшірмелер пайдаланушыларға бұғаттауды айналып өтуге мүмкіндік береді, алайда оларға қолжетімділік жиі шектеледі немесе VPN қолдануды талап етеді.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама