16 тамыз 2023 | 11:42

Гүл дүкеніндегі дау: экс-полицейдің жанындағы шенеунік қызметінен кетті

Дина Шарипханова Корреспондент
видео кадры

Шымкенттегі даулы оқиғаның екінші қатысушысы Еңбекші ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Данияр Елқонды болып шықты. Ол берген арыз негізінде қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Шымкенттегі даулы оқиғаның екінші қатысушысы Еңбекші ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Данияр Елқонды болып шықты. Ол берген арыз негізінде қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы журналистерге Мемлекеттік қызмет істері департаменті мәлім етті.

"Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің басшылығына қажет болған жағдайда қызметтік тергеу жүргізумен қолданылған тәртіптік жазаның пропорционалдығын зерделеу жөнінде шаралар қабылдау тапсырылды. Алайда, қазіргі уақытта Данияр Елқонды өзі берген өтініш негізінде атқаратын қызметінен босатылды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес олардың мемлекеттік қызметті өз еркімен тоқтатуына ешқандай кедергі болған жоқ", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде шымкенттік ер адамның дүкеннен гүл шоғын күштеп алып, сатушыны итеріп жібергені түсірілген видео тараған еді. Оқиға мамыр айында болған, бірақ видео жақында ғана жария болды. Күш көрсеткен ер адам полиция қызметінен босатылған Қаратау аудандық полиция бөлімінің бұрынғы қызметкері болып шықты. Кейін атышулы видеодағы екінші қатысушының кім екені белгілі болды. Ол Еңбекші ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Данияр Елқонды екен. Ол қатаң сөгіс алған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная