ПОДЕЛИТЬСЯ
15 наурыз 2021 | 11:50
"Гүл мен сыйлықты әкеткен". Алматыда көлік ұрлығына күдікті екі ер адам ұсталды
Алматыда автокөліктегі бірнеше ұрлыққа күдікті екі ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыда автокөліктегі бірнеше ұрлыққа күдікті екі ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
40 және 48 жастағы екі күдікті ер адам көліктерді пульт-сканер көмегімен ашып, өзгенің мүлкін ұрлаған. Олар барлық құнды затты, тіпті 8 наурызға деп алынған гүл мен сыйлықты да әкеткен.
"Олар ұрлықты күндіз, қала көлікке толы және адам көп болған кезде істеген. Сыртынан қарағанда күдіктіге ұқсамайды, ер адам көліктің жанына келіп, есікті жайбарақат ашады, ішке отырады, бағалы заттарды алып, сыбайласымен бірге қылмыс болған жерден кетеді. Ал көлік жүргізушілері есік ашылғанда ескерту дабылын алады. Бірақ көп жағдайда зардап шеккен жүргізушілер дабыл қалтадағы батырма кездейсоқ басылғанда немесе өтіп бара жатқан көлік салдарынан және пульттің басқару жағында қуаты таусылғаны себепті болады деп болжайды. Бұл сіз көліктен түсіп, оны жауып тастаған сәтте болуы мүмкін: есіктерді ашу туралы дабыл аласыз. Ал бұл кезде көлігіңіз ұрылардың "басқаруында" болуы әбден мүмкін. Оларға дабыл толқынын ұстау қажет. Қастық ойлаушылар жақын маңдағы көліктің ішінде отырып, сізді бақылап отыруы мүмкін", - деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.
Полиция басқармасының бастығы мұндай жағдайда көлікті тексеру үшін көшеге ерінбей шығу керегін айтты. Өйткені ұрлық болған кезде оны полицияға жедел хабарлай аласыз. Бұл полицейлерге қылмыскерлерді "ізін суытпай" ұстауға мүмкіндік береді.
"Күдіктілерді ұстау және жеке тінту кезінде 1973 жылы туған К.есімді азаматтан пульт-сканер тәркіленді, ол оның көмегімен көлік құралдарының дабыл жүйесін көшірген. Оның сыбайласы, 1981 жылы туған Д.есімді азамат жүргізуші ролінде ойнайды, бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған. Ұсталғандардың екеуіне қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі (Ірі мөлшерде жасалған ұрлық) бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Осыған ұқсас құқық бұзушылықтарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр", – деді Ысқақов.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также