09 наурыз 2023 | 14:12

Гүлмира Кәрімованың өлімі: қылмыстық іс қозғалған жоқ

Дина Шарипханова Корреспондент

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов депутат Гүлмира Кәрімованың өліміне қатысты тергеу туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов депутат Гүлмира Кәрімованың өліміне қатысты тергеу туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сенат кулуарында журналистер ІІМ басшысына сенатордың өлімі туралы сұрақ қойды. Сұрақтардың қойылуына соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде өлім дерегінің тіркелуі себеп болған.

"Бүгінде Қазақстанда соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімі бар. Яғни, өлім себебі зорлық-зомбылық болса да, зорлық-зомбылық болмаса да - барлық өтінім тіркеледі. Тосыннан, зорлық-зомбылықпен немесе басқа да өлімнің себебін анықтау үшін арнайы зерттеулер мен сараптамалар жүргізіледі", - деді ол журналистер сұрағына жауап бере отырып.

Реклама
Реклама

"Ешқандай іс қозғалған жоқ. Факт тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді, тексеру жүргізіліп жатыр, өлім себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Бұл қалыпты процедура, бұл ЭЫДҰ елдерінің стандарттары, кез келген өтінім тіркеледі және ол тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімі шеңберінде процедуралық тексеруден өтеді. Өлім себебі анықталмаса, сараптама тағайындалады, ал тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелмей сараптама тағайындау мүмкін емес, - деп түйіндеді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная