22 шілде 2024 | 14:35

Гүлмира Сатыбалды ісі бойынша жәбірленуші сот залынан шығарылды

Фото: khabar.kz

Алматы Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Гүлмира Сатыбалдының ісі бойынша жәбірленушіні бірнеше отырыстан шеттету туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Гүлмира Сатыбалдының ісі бойынша жәбірленушіні бірнеше отырыстан шеттету туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін іс бойынша жәбірленуші, кәсіпкер Абай Жүнісов куәгерлердің бірінен жауап алу кезінде эмоциясын ұстай алмай, айғайлап жіберген болатын.

"Куәгер Родионовтан жауап алу кезінде жәбірленуші Жүнісов сот отырысының тәртібін бұзып, төрағалық етуші судьяның шешімдеріне бағынбай, куәгер және сотталушы Батыршаевпен жанжалдасты. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 345-бабына сәйкес отырыс тәртібін бұзғаны және судьяның өкімдеріне бағынбағаны үшін ол қатысушыны отырыс залынан шығаруға құқылы. Бұрын заңбұзушылықтарға жол бермеген жәбірленушінің сот отырысындағы бұрынғы мінез-құлқын назарға ала отырып, сот жәбірленушіні сот процесінің соңына дейін емес, екі сот отырысынан шығару туралы шешім қабылдайды. Сот оны 22 және 25 шілдеде сот процесінде залдан шығаруға шешім қабылдады", - деді судья өз шешімі туралы.

Реклама
Реклама

Соттың басталуына дейін Гүлмира Сатыбалды не үшін айыпталғаны туралы мәліметтерді прокурор оқып берді. Ол бопсалап, өзінің бұрынғы бизнес серіктесі және туысы Абай Жүнісовты заңсыз бас бостандығынан айырды деп айыпталып отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная