ПОДЕЛИТЬСЯ
13 мамыр 2022 | 20:26
Гүлмира Сатыбалдыны қамау мерзімі бір айға ұзарды
Қайрат Сатыбалдыұлының бұрынғы жұбайы Гүлмира Сатыбалдыны қамау мерзімі бір айға ұзартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қайрат Сатыбалдыұлының бұрынғы жұбайы Гүлмира Сатыбалдыны қамау мерзімі бір айға ұзартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"2022 жылғы 13 мамырда Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Г. Сатыбалдыға қатысты қамауда ұстау түріндегі санкцияланған бұлтартпау шарасының мерзімін 1 ай мерзімге ұзартты", - деп хабарлады қалалық соттың баспасөз қызметі.
Таяуда Қайрат Сатыбалдыұлы мен Қайрат Боранбаевты қамау мерзімі бір айға ұзарған еді.
Қайрат Сатыбалдыұлы ұсталғаны 13 наурызда белгілі болған еді. Ол "Қазақтелеком" АҚ-да лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану және қаражатын аса ірі мөлшерде жымқыру күдігімен қамауға алынған болатын.
Гүлмира Сатыбалды да тұтқындалып, бизнесті рейдерлік басып алуға, сондай-ақ 747 миллион теңге жымқыруға қатысы бар деген күдікке ілінген.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также