06 маусым 2024 | 17:29

Гүлмира Сатыбалдының соты: жәбірленуші эмоциясын жасыра алмады

Фото ©️ Tengrinews.kz

Гүлмира Сатыбалдыға қатысты сот отырысында жәбірленуші эмоциясын ұстай алмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Гүлмира Сатыбалдыға қатысты сот отырысында жәбірленуші эмоциясын ұстай алмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында бопсалау айыбымен Гүлмира Сатыбалдының ісі бойынша сот процесі жалғасып жатыр. Жәбірленуші кәсіпкер Абай Жүнісовтан жауап алу барысында айыпталушының адвокаты Әсемгүл Даниалова одан неге өз үйінде бас бостандығынан айырылып жатқан кезде жұбайын немесе осы кезеңде олардың үйінде болған оның үлкен әпкесін көмекке шақырмағанын сұрады.

Адвокат 2019 жылғы 18 ақпанда жәбірленушінің үйінде болған оқиға туралы сұрақ қойды, бұл кезде оның жұбайы Сатыбалдының күзетшісімен жанжалдасып, қолын жарақаттап алған. Содан кейін жәбірленуші жедел жәрдем мен полиция шақырған, бірақ оның үйіндегі күзетшілер құқық қорғау органдарын әдеттегі отбасылық жанжал болғанына сендірген. Адвокат кәсіпкерден неге полицияға өзін күшпен үйде ұстап отырғанын хабарлау үшін қайта жүгінбегенін сұрады.

Реклама
Реклама

"Егер Раяға бірдеңе болса (жұбайы - еск.), мен кінәлі болар едім. Ол кез келген жағдайға күші жететіндей мүмкіндікке ие болды, егер оған (жұбайына - еск.) бірдеңе болса, мұны отбасылық жанжалдан туындаған нәрсе ретінде көрсететін еді. Өзіңді қорғау - бір бөлек нәрсе, жаныңдағы адамды қорғау - мүлде бөлек нәрсе. Ығырымды шығардыңыз (жәбірленуші айқайлап)! Мен әйелімді құтқару үшін қолымнан келгеннің бәрін жасауға тырыстым, ол Гүлмираның әпкесі еді, егер оған бірдеңе болса, мен кінәлі болар едім, мені отырғызып қана қоймай, менің мойныма ілер еді. Жұбайыма бірдеңе болса, маған жабады деп қорықтым", - деді Абай Жүнісов.

Еске салайық, бұған дейін Гүлмира Сатыбалдыға қатысты сотта жәбірленуші күтпеген мәлімдеме жасағаны хабарланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная