"Гүлнәр тур" жөніндегі іспен тергеу комитеті айналысады

Фото Тұрар Қазанғапов ©

"Гүлнәр тур" туристік компаниясына қатысты іспен енді ІІМ тергеу комитеті айналысатын болды. Бұл туралы министрлік мамандары Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына қайтарған жауабында.

"Гүлнәр тур" туристік компаниясының басшылығы тарапынан алаяқтық әрекеттердің жасалу дерегі бойынша қозғалған қылмыстық істі тергеуді ҚР ІІМ тергеу комитеті жүргізіп жатыр", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, жауапта азаматтардан "Гүлнәр тур" компаниясынан материалдық шығын көргені туралы шағымдардың күн сайын түсіп жатқаны туралы айтылады. Қазір келген шығынның нақты сомасы анықталуда. 

Реклама
Реклама

Естеріңізге сала кетейік, "Гүлнәр турдың" жүздеген тұтынушысы Түркиядан Қазақстанға қайта алмай, арада біраз дау туындаған болатын. Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мәліметінше, компания басшысы жалған құжатпен шекара асып кетті.

 

 

 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама