04 шілде 2019 | 15:59

Гүлшара Әбдіқалықова жұмыс сапарымен Әзірбайжанға барды

© primeminister.kz

Қазақстанның вице-премьері Гүлшара Әбдіқалықова жұмыс сапарымен Әзірбайжан Республикасына барды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның вице-премьері Гүлшара Әбдіқалықова жұмыс сапарымен Әзірбайжан Республикасына барды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2019 жылғы 2-4 шілдеде Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова Әзірбайжан Республикасына жұмыс сапарымен  барды.

Реклама
Реклама

Сапар барысында Әзірбайжан премьер-министрі Новруз Мамедовпен кездесу өтті. Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстандағы президент сайлауының нәтижелері, жаңа Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың сыртқы және ішкі саясатының басымдылығы және олардың ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Н. Назарбаевтың бағытымен сабақтастығы, "Рухани жаңғыру" бағдарламасының, "Ұлы даланың жеті қыры" басым бағыттарының жүзеге асырылуы туралы баяндады. Әзірбайжан Үкіметінің басшысы 2019 жылғы қазан айында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін қалалық туризм бойынша сегізінші Жаһандық саммитке шақырылды.

Сондай-ақ, вице-премьер Әзірбайжанның Мәдениет министрі Абульфаз Гараевпен кездесті. Тараптар мәдениетаралық диалог, тарихи-мәдени мұраны сақтау, бірлескен мәдени-рухани жобаларды ілгерілету саласындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге уағдаласты.

Одан әрі вице-премьер Әзірбайжанның Жазушылар одағына барып, елдің көрнекті зиялы қауым өкілдерімен кездесті. Кездесуде Халық жазушысы А. Рзаев, Әзірбайжан «Пен» Клубының президенті, Халық жазушысы Ч. Абдуллаев, Халық әртісі, кинорежиссер О. Миркасимов және Г. Алиев атындағы «Әзірбайжан-Қазақстан» достық қоғамының президенті, профессор Э. Гюнайдын болды.

Г. Әбдіқалықова сұхбаттасушыларды Үшінші жаңғыру аясында Қазақстанда жүріп жатқан өзекті үрдістермен таныстырды. Өзгерулердің негізі қоғамның рухани жаңғыруы болып табылатынын атап өтті. Тілдері мен мәдениеті жақын, ортақ түркі тамыры бар екі ел арасындағы гуманитарлық байланыстарды дамыту бойынша пікір алмасу орын алды.

Сапар аясында вице-премьер 30 маусым мен 10 шілде аралығында Бакуде өтетін ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра комитетінің 43-ші сессиясына қатысты.

Пленарлық отырыста сөйлеген сөзінде қазақстандық делегация басшысы Комитет мүшелерін еліміздегі тарихи-мәдени мұраларды, атап айтқанда Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің қорғалуы туралы хабардар етті. Вице-премьер Түркістан қаласын дамытудың жаңа жоспары оның облыс орталығы мәртебесін алумен байланысты қабылданғанын және саны артып келе жатқан қала тұрғындарының, туристердің қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталғанын атап өтті. Ол құжат ЮНЕСКО талаптарына сәйкес әзірленгенін және кесененің жоғары халықаралық мәртебесін ескеретінін атап өтті.

1992 ж. 22 мамырынан бастап Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының білім, ғылым және мәдениет жөніндегі (ЮНЕСКО) мүшесі. Ұйыммен ынтымақтастығымызды ҚР ЮНЕСКО және ИСЕСКО жөніндегі Ұлттық комиссиясы үйлестіреді. Еліміз ұйым аясындағы 15 халықаралық конвенцияның тарапы болып табылады. Деректі мұраның «Әлем естелігі» халықаралық тізіміне – 3, Дүниежүзілік мұра тізіміне – 5, материалдық емес мәдени мұра тізіміне – 10, биосфералық резерваттар желісіне – 11, естелік даталар күнтізбесіне – 21 отандық ұсыным енгізілді. Елімізде ЮНЕСКО-ның 5 кафедрасы, 31 қауымдастырылған мектебі, 50-ден астам клубы бар. Қазақстан бастамасымен БҰҰ Бас Ассамблеясы 2013-2022 жж. Мәдениеттер жақындасуының халықаралық онжылдығы етіп жариялады және ЮНЕСКО-ны тиісті бағдарламаны жүзеге асыруға жауапты орган ретінде белгіледі.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная