10 желтоқсан 2021 | 22:11

Гүлшара Әбдіқалықова: "Сыр өңірі Тәуелсіздік жылдары зор табыстарға жетті"

Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен 16 желтоқсан - ҚР Тәуелсіздік күніне арналған "Жасампаздыққа толы жылдар" республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен 16 желтоқсан - ҚР Тәуелсіздік күніне арналған "Жасампаздыққа толы жылдар" республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Конференцияның жұмысына ҚР Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Ғалым Әміреев, облыстық, қалалық мәслихат депутаттары, жоғары оқу орындарының ғалымдары, үкіметтік емес ұйым өкілдері, облыстық этномәдени бірлестіктер мен жастар ұйымдарының жетекшілері мен белсенділері және онлайн байланыс арқылы аудандардағы зиялы қауым өкілдері қатысты.

Реклама
Реклама

Аймақ басшысы салтанатты іс-шараға қатысушыларды еліміздің ең ұлық мерекесімен құттықтап, егемен еліміздің Тұңғыш Президентінің батыл қадамдары мен тарихи шешімдерінің арқасында және оған қолдау көрсеткен халқымыздың бірлігі мен қажырлы еңбегі нәтижесінде Қазақстан әлем мойындаған мемлекетке айналғанын атап өтті.

"Астаналар мекені атанған, Алаш зиялылары мен ардақтыларының арманын тоғыстырған, қасиеті қымбат, көмбесі асыл Сыр өңірі, Тәуелсіздік жылдарында зор табыстар мен жасампаз жетістіктерге қол жеткізді. Бұл жетістіктеріміздің барлығы - Елбасымыздың дара жолымен, Президентіміздің басшылығымен елдің бүгіні мен болашағы үшін еңбек етіп жүрген отандастарымыздың, Сіздер мен біздердің бірлесіп атқарған істеріміздің нәтижесі, халық артқан сенімнің жемісі", - деді облыс әкімі.

Конференция барысында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Ғалым  Әміреев "Қазақстан - әлем мойындаған мемлекет", Ұлттық ғылым академиясының академигі, облыстық мәслихат депутаты Қылышбай  Бисенов "Тәуелсіздік тағылымы: Елбасы және Сыр өңірі", облыстық мәслихаттың хатшысы, тарих ғылымдарының кандидаты Наурызбай Байқадамов "Тәуелсіздік - ұлттың тарихи тағдырында", Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қалқазбек Әжібеков "Қызылорда облысының экономикасы - дағдарыстан тұрақты дамуға дейін", ақын, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, облыстық мәслихат депутаты Шәкизада Әбдікәрімов "Тәуелсіздік тұғырында тұрған ел", "Ақмешіт ақшамы" газетінің бас редакторы, облыстық мәслихат депутаты Сәрсенкүл Биқожа "Тәуелсіздік жылдарындағы азаматтық қоғам және БАҚ" тақырыптарында баяндама жасады.

Конференция жұмысын қорытындылаған аймақ басшысы барлық игіліктің бастауы болған Тәуелсіздіктің құндылығын сақтап, барша азаматтарды еліміздің жарқын болашағы үшін аянбай қызмет етуге шақырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram