10 наурыз 2022 | 12:17

Гуманитарлық дәлізді күтеміз - СІМ Украинадан қазақстандықтарды эвакуациялау туралы

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото: ҚР СІМ

Премьер-министрдің орынбасары - сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Украинада қалған қазақстандықтарды эвакуациялау үшін гуманитарлық дәліздерді пайдалануға болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Премьер-министрдің орынбасары - сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Украинада қалған қазақстандықтарды эвакуациялау үшін гуманитарлық дәліздерді пайдалануға болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Украинада әлі де Қазақстан азаматтары бар. Біріншіден, біздің елшілік Киевтен Львовқа көшірілді, эвакуацияланбады, жұмысын жалғастырып жатыр.

Сондай-ақ, соғыс қимылдары жүріп жатқан аумақтарда да біздің азаматтар бар, оларды эвакуациялау үшін гуманитарлық дәліздердің іске қосылуын күтіп отырмыз. Осы мәселе төңірегінде украиналық және ресейлік тараптар арасында келіссөздер жүріп жатыр. Мүмкін болған жағдайда азаматтарымызды эвакуациялаймыз", - деді Тілеуберді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Реклама
Реклама

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная