ПОДЕЛИТЬСЯ
28 қаңтар 2022 | 15:33
Халқымыз бірлігінің арқасында осы сын-қатерге төтеп берді - Тоқаев
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Nur Otan партиясының кезектен тыс XXI съезінде қаңтардағы оқиғалар туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Nur Otan партиясының кезектен тыс XXI съезінде қаңтардағы оқиғалар туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Өздеріңізге мәлім, қаңтар айының басында халқымыз қайғылы оқиғаларды бастан өткерді. Өкінішке қарай, бейбіт митингілерді радикалды күштер өз мақсатына пайдаланып кетті. Лаңкестер мемлекетімізге шабуыл жасап, ел тыныштығын бұзды. Олар билікті басып алуға тырысты", - деді Тоқаев Nur Otan партиясының кезектен тыс XXI съезінде.
Мемлекет басшысы шұғыл шаралар қабылданып, лаңкестерге, қарақшыларға тойтарыс берілгенін айтты. Заңдылық пен қоғамдық тәртіпті қалпына келтірдік. Мемлекетіміздің тұтастығын сақтап қалдық, деді ол.
"Құзырлы органдар кінәлі адамдарды анықтап, жауапқа тарту үшін тергеу жүргізіп жатыр. Бұл жұмыс тек заң аясында жүзеге асырылатынына күмән болмауға тиіс. Бәрі Бас прокуратураның және менің жеке бақылауымда болады. Адам құқығын міндетті түрде сақтаймыз", - деді Мемлекет басшысы.
Ол бұдан былай мұндай қасіретке жол берілмейтінін баса айтты.
"Халқымыз бірлігінің арқасында осы сын-қатерге төтеп берді. Қазір алдымызда - барлық саланы қайта жаңғырту. Қоғамдық құндылықтар жүйесіне, саяси және әлеуметтік-экономикалық салаларға түбегейлі өзгеріс енгізу қажет. Осы ретте, азаматтық қоғам институттарына зор міндет жүктеледі. Әсіресе, саяси партиялар айрықша рөл атқарады", - деді ол.
Айта кетейік, қазір Nur Otan партиясының кезектен тыс XXI съезі басталды, оған еліміздің барлық өңірінен 389 делегат онлайн-форматта қатысып отыр. Сондай-ақ, съезге бейнеконференцбайланысы режимінде ел басшылығы, Саяси кеңес мүшелері, аймақтық филиал өкілдері, депутаттар мен үкімет мүшелері қосылған.
Бекітілген күн тәртібіне сәйкес келесі үш мәселе қаралады: 1. Партияның төрағасын сайлау туралы; 2. Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы; 3. Саяси кеңес құрамына өзгерістер енгізу туралы.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также