Халқымыз қатты зардап шекті - Тоқаев ядролық қаруды сынау туралы

Дина Шарипханова Корреспондент
Халқымыз қатты зардап шекті - Тоқаев ядролық қаруды сынау туралы Фото ©️ Тұрар Қазанғапов

Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ халқының қасіретін еске алып, кейінгі ұрпақтың жарқын болашағы үшін бейбітшілікті нығайтуға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Бүгін – Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні. Бұл атаулы күнді БҰҰ Бас Ассамблеясы Қазақстанның бастамасымен бекітті. Халқымыз атом қаруын сынаудан қатты зардап шекті. Мұндай қасірет қайталанбауға тиіс. Біз кейінгі ұрпақтың жарқын болашағы үшін бейбітшілікті нығайтып, халықаралық әріптестікті дамыта түсуіміз керек. Ядролық қарудан және сынақтардан біржола бас тартуға күш салуымыз қажет. Бейбітшілік пен қауіпсіздік – бүкіл адамзатқа ортақ ең басты құндылықтар", – деп жазды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің X парақшасында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама