08 қараша 2020 | 15:49

Халық қалаулысы: Талғарда Жолан Омаровқа мурал салынды

Талғар ауданы тұрғындарының қуанышында шек жоқ. Алматы облысы Талғар қаласындағы жаңа шағын аудандағы көпқабатты үйдің бірінде экс-әкім Жолан Омаровтың құрметіне мурал салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Талғар ауданы тұрғындарының қуанышында шек жоқ. Алматы облысы Талғар қаласындағы жаңа шағын аудандағы көпқабатты үйдің бірінде экс-әкім Жолан Омаровтың құрметіне мурал салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Халық қалаулысының суреті енді жаңа тұрғын үйдің қабырғасында болады. Бұл үйді әкім қайтыс болардың алдында пайдалануға беріп үлгерген. Мурал - халықтың оның жұмысына деген құрметі ғана емес, оның жеке тұлғасы туралы естелік.

Реклама
Реклама

Бұған аудан тұрғындарының желідегі жазбалары куә болады. 

"Жолан Омаров – нағыз әкім болды. Бәріміз үшін үлкен қайғы. Нағыз естелік деп осыны айт, жарайсыздар. Бізде мұндай әкім болған емес және біз де алғыс айтатынымызды көрсін". "Міне халыққа - Отанға қызметтің үлгісі. Құрметке лайық" - деп жазды Желі пайдаланушылары.

Муралдың авторы, талдықорғандық суретші - Еркеғали Иманғали.

Айта кету керек, мурал облыс әкімі Амандық Баталовтың қолдауымен салынды. Аймақ басшысы Баталов Жолан Омаровты тек Талғар ауданына ғана емес, жалпы облыстың дамуына үлес қосты деп атап өтті.

Еске салайық, 27 шілдеде Алматы облысы Талғар ауданының әкімі Жолан Омаров пневмониядан қайтыс болды. Жолан Ыбырайақынұлы 1979 жылы туған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная