ПОДЕЛИТЬСЯ
08 тамыз 2020 | 09:37
Халық санағын өткізу мерзімі өзгерді
Қазақстанда ұлттық халық санағын өткізу мерзімі өзгерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанда ұлттық халық санағын өткізу мерзімі өзгерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасап.
Айта кетейік, Қазақстан Республикасының ұлттық халық санағын өткізу 2020 жылы 1-30 қазан аралығына жоспарланған еді.
"Алайда елімізде коронавирус инфекциясының таралуы мен енгізілген карантиндік шектеу шаралары бойынша қалыптасқан жағдайға байланысты Ұлттық халық санағын 2021 жылдың қазанына ауыстыру туралы шешім қабылданды.
Ұлттық халық санағын өткізу әдістері өзгеріссіз қалады, яғни 1-15 қазан аралығында мамандандырылған sanaq.gov.kz сайтында интернет-сауалнама жүргізіледі, 1-30 қазан аралығында мәліметтерді жинау үшін интервьюерлер жауаптарды планшеттерде тіркей отырып, халыққа жаппай сауалнама жүргізеді", - делінген хабарламада.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также