30 мамыр 2022 16:50

Халықаралық олимпиада жүлдегерлері университетке ҰБТ тапсырмай түсе алады

Фото: elements.envato.com

Халықаралық олимпиада жүлдегерлері ҰБТ тапсырмай жоғары оқу орындарына грантқа түсе алады. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Халықаралық олимпиада жүлдегерлері ҰБТ тапсырмай жоғары оқу орындарына грантқа түсе алады. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Халықаралық олимпиадалардың, спорттық және шығармашылық байқаулардың тізбесін бекіту туралы бұйрыққа қол қойдым. Бұл құжат жеңімпаздар мен жүлдегерлерге отандық ЖОО-да бейінді бағытта білім алу үшін гранттар бөлуге мүмкіндік береді", - деп жазды министр Facebook-те. 

Ол Президенттің Жолдауда берген тапсырмасы аясында заңнамаға өзгерістер енгізілгенін айтты. 

Реклама
Реклама

"Енді беделді халықаралық пәндік олимпиадалардың, спорттық жарыстардың және әлемдік деңгейдегі шығармашылық байқаулардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері ҰБТ тапсырмай-ақ ЖОО-ға бейінді бағыттар бойынша грантқа түсуге мүмкіндік алды", - деді Аймағамбетов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram