01 маусым 2020 | 17:06

Халықаралық рейстерге билет сатып алмауға кеңес береміз - көліктегі бас санитар дәрігер

Көліктегі бас санитар дәрігер Сәдуақас Байғабылов қазақстандықтарға халықаралық рейстерге билет сатып алмауға кеңес берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Көліктегі бас санитар дәрігер Сәдуақас Байғабылов қазақстандықтарға халықаралық рейстерге билет сатып алмауға кеңес берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Халықаралық рейстер қазір жабық, тұрақты рейстер жоқ", - деді Сәдуақас Байғабылов.

Реклама
Реклама

Ол Қазақстан тұрғындарын мәселелер туындауы мүмкін екенін айтып, ескертті.

"Бір мысал келтірейін. Біз біртіндеп Алматы, Нұр-Сұлтан, Өскемен ішкі рейстерін аштық. Көбі (авиакомпаниялар) ресми рұқсаты жоқ қалаларға билетті сатуға қойды, мұндай оқиға Шымкентте болған. Бір емес, ондаған адам билет алып, әуежайға келсе, жабық, ұшақтар жоқ, сөйтіп наразы болды. Әуе компаниялары жоқ рейстерге билеттер сатқан. Осындай жағдайға тап болмас үшін халықаралық рейстердің ашылуы туралы ресми ақпаратты күту қажет.

Қазіргі уақытта әуе компаниялары шығаратын рейстерге билет сатып алуға кеңес бермеймін. Сіз ақшасыз да, билетсіз де қалуыңыз мүмкін. Бүгінде Қазақстан мен басқа елдер арасында тұрақты рейс жоқ. Жақын арада ашылмайды", - деді ол.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная