Халықаралық іздеуде жүрген күдікті қазақстандық Түркиядан экстрадицияланды

Дина Шарипханова Корреспондент
Халықаралық іздеуде жүрген күдікті қазақстандық Түркиядан экстрадицияланды видео кадры

9 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген Қазақстан азаматы Түркиядан экстрадицияланды. Бұл туралы Бас прокуратураның ресми өкілі Дархан Дүйсембай мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

9 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген Қазақстан азаматы Түркиядан экстрадицияланды. Бұл туралы Бас прокуратураның ресми өкілі Дархан Дүйсембай мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бас прокуратура Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, Сыртқы істер министрлігінің көмегімен Түркия Республикасынан қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Қазақстан азаматын экстрадициялады.

"Ол құрылыс компанияларына тиесілі 1 миллиард теңгеге жуық, соның ішінде аурухана салуға арналған қаражатты ұрлады деген күдікке ілінген. Күдікті 2014 жылдан бері халықаралық іздеуде болған. Қазіргі кезде ол Астанадағы тергеу изоляторына қамалды", - деді Бас прокуратураның ресми өкілі Дархан Дүйсембай.

Реклама
Реклама

Аталған қылмыстық құқық бұзушылық үшін мүлікті тәркілей отырып, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама