22 сәуір 2022 17:01

Халыққа нақты нәтиже керек - Смайылов тапсырма берді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кеңесті ашқан Премьер-Министр бірінші кезекте облыстың шешілмеген басты мәселелерінің біріне тоқталды.

"Кеше ғана Президент "Egemen Qazaqstan" газетіндегі Батыс Қазақстан облысының жолдарының жағдайына арналған "Күре жолдағы күрсініс" мақаласын оқып, маған және облыс басшылығына барлық қажетті шараны тез арада қабылдауды тапсырғанын білесіздер. Ғали Нәжімеденұлы, осыдан тура бір жыл бұрын дәл осы салаға жауапты орынбасарыңыз Президенттің тапсырмасымен қызметінен босатылған еді. Бір жыл өтсе де, проблема әлі шешілмеген. Өңірдің проблемалары тез әрі тиімді шешілуі үшін үнемі Президент араласып, тапсырма беруі қажет пе?" - деді Әлихан Смайылов.

Реклама
Реклама

Өз кезегінде облыс әкімі Ғали Есқалиев жолдардың нашар жай-күйінің негізгі себебі қаржыландырудың жеткіліксіздігімен және пандемияның әсерімен байланысты екенін атап өтті. Өткен жылы жергілікті маңызы бар 330 шақырым жол жөнделді. Облыс орталығын Казталов, Жәнібек және Бөкей ордасы аудандарымен байланыстыратын автожолды жөндеу жұмыстары жалғасуда. Биыл бұл мақсатқа 15 миллиард теңге қарастырылған.

Әлихан Смайылов облыс әкімі мен индустрия және инфрақұрылымдық даму министріне Мемлекет басшысының тапсырмасын сапалы әрі уақытылы орындауды қамтамасыз етуді тапсырды.

Сонымен қатар кеңесте индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев, энергетика бірінші вице-министрі Мұрат Жүребеков, денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов, ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров, ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков және қаржы вице-министрі Данияр Жаналинов баяндама жасады.

Отырыс қорытындысы бойынша Әлихан Смайылов орталық мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырма берді:

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне әкімдікпен бірлесіп, жыл соңына дейін жергілікті жолдардың нормативтік жағдайын қазіргі 39 пайыздан 46 пайызға дейін көтеру;

Энергетика министрлігіне: Батыс Қазақстан облысын тұрғындар үшін қолайлы бағадағы тауарлық газдың қосымша көлемімен қамтамасыз ету мүмкіндігін қарастыру;

 Орал жылу электр орталығын реконструкциялау үшін республикалық бюджеттен қаржы бөлу мәселесін пысықтау;

1 шілдеге дейін облыс аумағында газ-химия кешенін құру және оны шикізатпен қамтамасыз ету мәселесін пысықтау;

Қаржы, Ұлттық экономика министрліктері және әкімдікпен бірлесіп, өңірдегі тозығы жеткен электр желілерін азайту мәселесін пысықтау тапсырылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram