ПОДЕЛИТЬСЯ
07 сәуір 2019 | 18:17
Халықтың полицияға деген сенімін арттыру мақсатында қандай шаралар өткізіліп жатыр?
Түркістан облысының полицейлері "Жолда қабылдау" республикалық акциясы аясында 2000-ға жуық азаматтарға кеңес берді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Түркістан облысының полицейлері "Жолда қабылдау" республикалық акциясы аясында 2000-ға жуық азаматтарға кеңес берді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Түркістан облысының тәртіп сақшылары республикалық "Жолда қабылдау" атты 2 күндік акциясын өткізді. ҚР ІІМ Ерлан Турғымбаевтың тікелей басшылығымен Республика бойынша ұйымдастырылып жатқан акцияға Түркістан облыстық полиция департаменті де өз үлесін қосып жатыр.
"Жолда қабылдау" республикалық акциясы 5-6 сәуір күндері сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін өтті. Акцияға облыстың 2000-ға жуық тұрғыны келіп жүгінді. Өздерінің көкейтесті мәселелері, толғандырып жүрген түрлі тақырыптағы полиция қызметіне қатысты сұрақтары бойынша тиісті жауаптарын алды. Сонымен қатар, Түркістан облыстық ПД басшысы полиция полковнигі Қ.Дәлбеков пен оның орынбасары, полиция полковнигі Ә.Сейдуалиевте арнайы қатысып, халықтың сұрақтарына жауап берді. Акция барысында ПД әкімшілік полиция басқармасының, жергілікті полиция, көші-қон полиция қызметкерлері полиция мамандары халыққа қызметтер көрсетті", - делінген хабарламада.
Осы акция Түркістан облысының барлық аудандарында жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Акцияның негізгі мақсаты-тұрғындарға құқықтық көмек көрсету, сонымен қатар полицияға деген халықтың сенімін арттыру, полицей мен тұрғындар арасындағы байланысты нығайту болып табылады. Көбінесе тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтар: айыппұлдарды төлеу, жол жүрісін ұйымдастыру, берілген жүргізушілік куәліктер, автокөліктерді тіркеу және көші-қон қызметіне байланысты болды. Акцияға белсенді қатысқан әрбір азаматтарға заң жинақтары жазылған арнайы түсіндірме брошюралары таратылып, қойылған сұрақтарға полицейлер тұщымды жауаптарын берді.
Осы акция әр үш ай сайын өткізілетін болады. Өз кезегінде жоғары деңгейде ұйымдастырылған акцияға қатысқан тұрғындар, көмек көрсеткен тәртіп сақшыларына алғыстарын айтты.
Показать комментарии
Читайте также