ПОДЕЛИТЬСЯ
31 наурыз 2021 | 10:30
Halyk Arena-дағы госпиталь COVID-19 жұқтырғандарды қайта қабылдайды
Halyk Arena спорт кешені ішіндегі провизорлық орталықтың жұмысы қайта басталды. Бұл туралы Аламта Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы (ҚДСБ) мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Halyk Arena спорт кешені ішіндегі провизорлық орталықтың жұмысы қайта басталды. Бұл туралы Аламта Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы (ҚДСБ) мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Halyk Arena-ға орташа ауыр жағдайдағы науқастар жеткізіледі.
"Халық арена қайта іске қосылды. Таңертең 18 адам түсті. Мұндай шешім мегаполис тұрғындары арасында коронавирус инфекцияның таралмауына қарсы күрес аясында қабылданды. Спорт кешенінде 1000 орын бар. Онда коронавирус жұқтырған науқастарға медициналық көмек көрсету үшін барлық жағдай жасалған. Заманауи жабдықтар жеткізілді, науқастарды емдеудің барлық талабына сәйкес келеді", - деп хабарлады Алматы ҚДСБ өкілдері.
Айта кетейік, Halyk Arena 2020 жылы ауруханаға ауыстырылды. Ішіне төсек орын қойылып, 1000 науқас қабылдауға дайындалды. Жазда оны жапқан болатын. Қала әкімі емханаларда орын жетпеген жағдайда, науқастарды осы кешенде қабылдайтынын айтқан. Сағынтаев қазіргі уақытта арена барлық қажетті жабдықпен және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілгенін айтты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также