ПОДЕЛИТЬСЯ
15 наурыз 2020 | 23:04
Halyk Bank кеңесшісі коронавирус жұқтырған
Halyk Bank ғимаратында жұмыс істеген консультант коронавирус жұқтырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі банктің PR-қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Halyk Bank ғимаратында жұмыс істеген консультант коронавирус жұқтырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі банктің PR-қызметіне сілтеме жасап.
"Банк ғимараттарының бірінде кеңес беру қызметімен айналысқан сыртқы ұйымның қызметкері COVID-19 коронавирусын жұқтырғанынан хабардар етуді жөн көрдік", - делінген Halyk Bank хабарламасында.
"Денсаулық сақтау министрлігінің әрекет ету алгоритміне сәйкес ауру, сондай-ақ онымен байланыста болған барлық қызметкер қазіргі уақытта оқшауланып, карантинде", - деп толықтырды банк.
"Банк клиенттер мен қызметкерлер денсаулығының барынша қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған бұрын-соңды болмаған шараларды қолға алды. Кеңселік үй-жай мен бөлімшелерді үнемі санитарлық өңдеу жүргізіледі. Банк бөлімшелері мен банкоматтар әдеттегі тәртіпте жұмыс істейді, барлық операция клиенттерге қолжетімді", - деп атап өтті Halyk Bank өкілдері.
Қазіргі уақытта Қазақстанда коронавирус жұқтырған 9 адам тіркелген: 2-еуі Нұр-Сұлтанда, 7-еуі Алматыда.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также