"Хан Шатырда" қыздардың не себепті ішкиіммен жүргені белгілі болды

"Хан Шатырда" қыздардың не себепті ішкиіммен жүргені белгілі болды Әлеуметтік желілерден алынған сурет

Астанада?ы "Хан Шатыр" сауда орталы?ында ішкиіммен ж?рген ?ыздар француз фотосуретшісі ?йымдастырып отыр?ан к?рмені жарнамалап ж?рген болып шы?ты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Гипер Астана" к?рмесіні? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Астанадағы "Хан Шатыр" сауда орталығында ішкиіммен жүрген қыздар француз фотосуретшісі ұйымдастырып отырған көрмені жарнамалап жүрген болып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Гипер Астана" көрмесінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметіндегілердің мәліметінше, бұл анонс француз фотосуретшісінің алда өтетін бірегей көрмесіне арналған. "Мұндай шараны өткізіп отырған агенттіктің мақсаты - көрмені жарнамалау ғана емес, сондай-ақ, бұл өнер түрінің бірегей екенін көрсету. Кейбіреулер сынға алса, кейбіреулері қолдау көрсетіп жатыр", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Жан-Франсуа Розьенің "Гипер Астана" көрмесінің ашылу салтанаты 20 қаңтарда сағат 19.00-де Бейбітшілік және келсім сарайында өтеді. Көрмеде 30-дан аса эксклюзив экспозиция көрсетілетін болады.

Реклама
Реклама

Баспасөз қызметіндегілердің айтуынша, "Гиперфото" жобасы 2002 жылы пайда болған. Жобаның жұмыстары Лос-Анджелестегі Анненберг қорында, Мәскеудегі заманауи өнер музейінде, Брюссельдегі мәдени-ботаникалық институтта, сондай-ақ, Луи Виттон, Бернар Магрез, Версаль сияқты коллекцияларда сақталады екен.

Tengrinews
Автор сұрағы
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама