ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 30 маусым 2026 08:58
Хайп қуған алматылық атышулы видеодан кейін қамауға алынды
Алматы тұрғыны әлеуметтік желілерде жарияланған даулы видеодан кейін қамауға алынды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Алматы тұрғыны әлеуметтік желілерде жарияланған даулы видеодан кейін қамауға алынды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, интернетте тараған бейнежазбада ер адам балағат сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзған және айналасындағыларға құрметсіздік танытқан.
Видео авторының жеке басы анықталды. Ол 36 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Оған қатысты ұсақ бұзақылық дерегі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Сот ер адамды кінәлі деп танып, оған 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу жазасын қолданды.
Полиция өкілдері әлеуметтік желіде танымал болуға ұмтылу заң бұзғаны үшін жауапкершіліктен босатпайтынын ескертті. Тәртіп сақшылары қоғамдық тәртіпті бұзатын кез келген әрекетке, оның қандай ниетпен жасалғанына қарамастан, құқықтық баға берілетінін атап өтті.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу