18 маусым 2021 | 14:04

"Хайп үшін". Ақсулық жігіт автобустың үстіне мініп, қаланы аралаған

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: polisia.kz

Ақсу қаласында полицейлер автобустың төбесіне шығып, келесі аялдамаға дейін барған 18 жастағы жасөспірімді жауапқа тартты, - деп хабарлайды Polisia.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақсу қаласында полицейлер автобустың төбесіне шығып, келесі аялдамаға дейін барған 18 жастағы жасөспірімді жауапқа тартты, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Instagram әлеуметтік желісіне мониторинг жасау барысында жасөспірімнің қалалық автобустың төбесіне секіріп мінген видеосы анықталды. Полицейлер видеоға тексеру жүргізген.

"17 маусымда сағат 13.00-де жасөспірім Ақсу қаласы Астана көшесіндегі аялдаманың төбесінен қалалық автобустың төбесіне секіріп мінгені анықталды. Полиция тәртіп бұзған жігітті анықтады. Ол - 18 жастағы қала тұрғыны. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-ның 434-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды, материал жазалау шараларын қабылдау үшін сотқа жіберілді", - деді Павлодар облысы Ақсу қалалық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің бастығы Арман Рахметов.

Реклама
Реклама

Полиция жасөспірім бұл әрекетке хайып үшін барғанын айтты.

Назар аударыңыз! Видеода әдепсіз сөздер айтылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная