05 наурыз 2024 10:21

Хирургтер жер сілкінісі кезіндегі операциялар туралы айтты

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының баспасөз қызметінен

4 наурызда таңертең болған жер сілкінісі кезінде Алматының көпсалалы клиникалық ауруханасы дәрігерлері операцияны тоқтатқан жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

4 наурызда таңертең болған жер сілкінісі кезінде Алматының көпсалалы клиникалық ауруханасы дәрігерлері операцияны тоқтатқан жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының баспасөз қызметі 4 наурызда бес балдық жер сілкінісі кезінде дәрігерлер науқастарды қауіпсіз жерге алып шыққанын хабарлады. Алайда хирургтар өз орында қалып, жұмысын жалғастырған.

Реклама
Реклама

"Әрине, жер сілкінісін барлығы сезді, бірақ операция үстелінде науқас жатты, біз жоспарлы кесарь тілігін жасадық, медбикелер үстелді, анестезиолог науқасты, мен жаңа туған қызды ұстадым. Бақытымызға орай, бәрі ойдағыдай болды, операцияны сәтті аяқтап, шұғыл эвакуацияландық", - дейді акушер-гинеколог Гүлжахан Жұмадулаева.

Кардиохирург Тимур Ибрагимов 68 жастағы науқасқа коронарлық шунттау операциясын жасағанын айтты.

Аурухана әкімщілігі ұсынған сурет

"Егер біз - кардиохирургтар, операцияны тоқтатқанда, оның салдары сөзсіз болар еді, әрине, қорқынышты болды, әрине, операция бөлмесінде жатқандардың барлығына алаңдадық, бірақ біздің басты міндетіміз - кез келген төтенше жағдайда науқастың өмірін сақтап қалу", - деді кардиохирург Тимур Ибрагимов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram