ПОДЕЛИТЬСЯ
03 наурыз 2023 | 18:13
ХҚКО-да жаңа терминалдар пайда болды
Қазақстанда жеке куәлікті немесе төлқұжатты бір күнде рәсімдеуге болатын жаңа терминал пайда болды. Бұл туралы ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанда жеке куәлікті немесе төлқұжатты бір күнде рәсімдеуге болатын жаңа терминал пайда болды. Бұл туралы ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Кезек күтуге, содан кейін көші-қон қызметінің қызметкерінен тіркеуден өтіп, суретке түсіп, төлем жасау үшін кассаға бөлек жүгіруге уақыт жұмсаудың қажеті жоқ. Құжаттау терминалы бәрін бір жерде жасауға мүмкіндік береді, сонымен қатар әрбір адам құжат үшін сәтті түскен суретін өз бетінше таңдай алады. Процесс 10 минут уақыттан аспайды", - деп жазды министр.
Алайда, қателіктер мен түсініспеушіліктерді болдырмау үшін өтініш берушіге көші-қон қызметінің қызметкеріне жүгіну қажет болады. Ол өтініштің, суреттің және қолтаңбаның сәйкестігін тексереді.
"Әзірге мұндай терминал тек Астана қаласында Керей мен Жәнібек хандар көшесінің 4/1 үйінде орналасқан ХҚКО-да орнатылған. Алдағы уақытта осы жобаны барлық өңірлерде іске асыру жоспарланып отыр", - деді Бағдат Мусин.
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы жобаны Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен, оның ішінде Көші-қон қызметі комитетімен және ІІМ Ақпараттық-өндірістік орталығымен өзара тығыз іс-қимыл жасай отырып әзірлеген.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также