ХҚКО-ларда кей мемлекеттік қызмет уақытша тоқтатылады

ХҚКО-ларда кей мемлекеттік қызмет уақытша тоқтатылады Фото © Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда шетелдіктерге көрсетілетін бірқатар мемлекеттік қызмет уақытша тоқтатылады. "Азаматтарға арналған үкімет" корпорациясы мәліметінше, бұған техникалық ақау себеп болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қазақстанда шетелдіктерге көрсетілетін бірқатар мемлекеттік қызмет уақытша тоқтатылады. "Азаматтарға арналған үкімет" корпорациясы мәліметінше, бұған техникалық ақау себеп болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Мән-жайы

Корпорация мәліметінше, қазіргі уақытта халыққа қызмет көрсету орталықтары мен Көші-қон қызметі орталықтарында елімізде уақытша тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларға ЖСН қалыптастыру қызметі қолжетімсіз болып тұр. Техникалық ақау 9 сәуірде сағат 9.00-де болған.

Реклама
Реклама

"Сонымен қатар техникалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты 10 сәуір сағат 09:00-ден 13 сәуір сағат 09:00-ге дейін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларға Қазақстанда уақытша тұруға рұқсат беру де тоқтатылады", - делінген компания хабарламасында.

Мемлекеттік корпорация барлық қалпына келтіру жұмыстары аяқталғаннан кейін қызмет көрсету қайта жанданатынын және бұл туралы қосымша хабарланатынын нақтылады.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама