30 сәуір 2020 | 11:15

i-balaqai эфирінде Шалва мен Паата Амонашвилилер: ер адамның жанұядағы рөлі

i-balaqai жобасының жаңа шығарылымында бірден екі спикер: педагог, психолог, психология ғылымдарының докторы Шалва Амонашвили мен оның ұлы психолог, әлеуметтанушы, педагог, жазушы, психология ғылымдарының докторы Паата Амонашвили ер адамның отбасындағы рөлі туралы әңгіме өрбітеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

i-balaqai жобасының жаңа шығарылымында бірден екі спикер: педагог, психолог, психология ғылымдарының докторы Шалва Амонашвили мен оның ұлы психолог, әлеуметтанушы, педагог, жазушы, психология ғылымдарының докторы Паата Амонашвили ер адамның отбасындағы рөлі туралы әңгіме өрбітеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Еске салайық, Alash Media Group медиахолдингі Montessori Qazaqstan Public Fund-пен бірігіп i-balaqai жобасын қолға алды. Жоба серіктесі - Altel ұялы байланыс операторы. Қонақтар онлайн режимде тәжірибесін бөлісіп, ұсыныстар мен пайдалы кеңес береді. Тікелей эфирлер аптасына екі рет жүргізіледі - бейсенбі мен жексенбі, сағат 20.00-де Instagram желісіндегі Tengrinews.kz парақшасынан тамашалай аласыздар. Артынша сағат 20:30-да Tengri-TV-дің YouTube-арнасынан және Tengrinews.kz-тің "ВКонтакте" желісіндегі парақшасынан көре аласыз. 

Реклама
Реклама

Көкейде жүрген сұрақтарыңызды қоя аласыздар. Оған жауапты тікелей сарапшы береді. 

i-balaqai жобасының жаңа шығарылымы 30 сәуірде "Ер адамның жанұядағы рөлі" тақырыбында өтеді:

Сағат 20:00-де Instagram желісінде психолог, әлеуметтанушы, педагог, жазушы, психология ғылымдарының докторы, халықаралық Aдамгершілік педагогика орталығының президенті Паата Амонашвили оқырмандарды қызықтырған сауалдарға жауап береді; Сағат 20:30-да Tengri-TV-дің YouTube-арнасында және Tengrinews.kz-тің "ВКонтакте" желісіндегі парақшасында педагог, психолог, психология ғылымдарының докторы Шалва Амонашвили ер адамның отбасындағы рөлі жайлы әңгімелейді. 

Жүргізуші - "Жаңа Ұрпақ" республикалық көшбасшылық мектебінің негізін қалаушы, "Мама в теме" жобасының авторы, бақытты бала тәрбиелеу бойынша нұсқаушы Асхат Абжанов сарапшыларға бірнеше сұрақ дайындап қойды. Мәселен, "Ер адамның рөлі ақша табумен шектеле ме?", "Ер адам үшін отбасылық өмірде не қорқынышты және оны ажырасуға итермелейтін не?" деген секілді. 

Оқырмандар, көрермендер мен тыңдармандар сұхбат үзіндісін Tengrinews.kz, Massaget.kz сайттарынан, Zhuldyz FM, Tengri FM радиостанцияларында тыңдай алады. i-balaqai жобасы аясында подкаст, пайдалы мақалалар мен видеолар шығады. 

i-balaqai жаңа жобасының бірінші шығарылымында бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин тікелей эфирде карантиндегі өмірдің қазақстандық отбасыларға қалай әсер ететіні, бұл жағдайды қалай дұрыс қабылдау керегі туралы, ал сихология ғылымдарының кандидаты, Мәскеу психоанализ институты жанындағы практикалық психология мектебінің директоры, СКОЛКОВО әйелдер қорының президенті Гули Базарова карантин кезінде баламен байланыс орнату туралы ой бөлісті. Сондай-ақ психология ғылымдарының кандидаты Ирина Млодик босанудан кейінгі депрессиядан арылу жолдарын айтып берді. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная