22 желтоқсан 2021 | 16:48

Ибрагимова зейнетақы жинағын алуға асықпау туралы үндеуін түсіндірді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

"Отбасы банк" басшысы Ләззат Ибрагимова жыл басында зейнетақы жинағын алуға асықпау керек деген үндеуін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"Отбасы банк" басшысы Ләззат Ибрагимова жыл басында зейнетақы жинағын алуға асықпау керек деген үндеуін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сіз ақпанда баспана бағасының қымбаттауына зейнеткерлердің толқуы себеп болғанын айттыңыз. Азаматтарды асықпауға шақырып, тұрғын үй нарығындағы бағаның тұрақтануын болжаған едіңіз. Сіздің ақыл-кеңесіңізді тыңдағандар бизнестен тыс қалды, өйткені баға көтеріліп, жеткілікті шек екі еселенеді. Енді асығу керек пе" – деп сұрады журналист ОКҚ брифингінде.

Ибрагимова сөзінен бас тартпайтынын айтты.

Реклама
Реклама

"БЖЗҚ-ға ақшасын қалдырған адамдар да дұрыс шешім қабылдады деп есептеймін. Әр адамның жағдайына қарау керек. Бұл сіздің бірінші баспанаңыз болса, әрине, оны алу керек еді. Менің кеңесімді пайдаланғандар аз, себебі адамдар 1 триллион 700 миллиард теңгені алып үлгерді", - деп түсіндірді Ибрагимова.

Еске салайық, 2020 жылдың ақпанында Ибрагимова Қазақстандағы пәтер бағасының күрт өсуін зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу мүмкіндігімен байланысты толқумен түсіндірді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная