Игорь Рогов сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңестің төрағасы болды

Игорь Рогов сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңестің төрағасы болды Игорь Рогов. © Тұрар Қазанғапов

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қоғамдық кеңесі қайта жасақталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қоғамдық кеңесі қайта жасақталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Дауыс беру нәтижесінде Тұңғыш Президент - Елбасы қорының директоры қызметін атқарушы Игорь Рогов қоғамдық кеңестің төрағасы болып тағайындалғаны айтылады. 

Кеңес құрамына мүше болғандар: Мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хабтың басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Бәйменов, Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ерлан Әбіл, "Егемен Қазақстан" республикалық газеті" АҚ басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі, Парламент Мәжілісінің Депутаты Артур Платонов, заң ғылымдарының докторы, профессор Исидор Борчашвили, Алматы бойынша арнайы мониторинг тобының мүшесі, қоғам қайраткері Елена Митрофанова, "М. С. Нәрікбаев атындағы ҚазГЗУ университеті" АҚ басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев, CSI консалтинг компаниясының аға серіктесі Олжас Құдайбергенов, сондай-ақ агенттіктің екі өкілі.

Жарнама
Жарнама

Бұрындары Игорь Рогов Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы, әділет министрі, Президент кеңесшісі, Президент көмекшісі және тағы басқа қызметтерді атқарған. 

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама