09 қыркүйек 2022 | 14:34

II Елизавета патшайымның қазасы: елшілік ғимараттарында тулар түсірілді

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:instagram.com/ukinkz, instagram.com/usinkz

Нұр-Сұлтандағы Ұлыбритания, АҚШ және Франция елшіліктері II Елизаветаның қайтыс болуына байланысты мемлекеттік туларды түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтандағы Ұлыбритания, АҚШ және Франция елшіліктері II Елизаветаның қайтыс болуына байланысты мемлекеттік туларды түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан астанасындағы Ұлыбритания елшілігі басқа да бірқатар дипломатиялық өкілдікпен бір ғимаратта орналасқан. Космонавтар көшесінде Ұлыбритания туымен қатар Франция туы да төмен түсірілген.

Тұрар Қазанғапов/Tengrinews.kz

Реклама
Реклама

Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі Кэти Лич Twitter-парақшасында былай деп жазды:

"Мәртебелі Королеваның өмір бойы мемлекеттік қызметтерді үлгілі атқарғанына қатты толқып, таңғаламын. Патшайым премьер-министр Лиз Трасс айтқандай, "қазіргі Ұлыбритания салынған тас тәрізді" болды".

Туды АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі де түсірді.

"АҚШ-тың Қазақстандағы миссиясы Мәртебелі II Елизавета патшайымның қайтыс болуына байланысты корольдік отбасына, Ұлыбритания халқына және Достастық халықтарының қайғысына ортақтасып көңіл айтады. Ол көптеген америкалықты шабыттандырды және басшылығы арқылы АҚШ-Британ альянсын одан да тығыз нығайтты", - делінген елшілік хабарламасында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная