ІІМ Олеся Кексельге қатысты тергеу шараларын бастады

Камила Долаева Журналист
Олеся Кексель

Бас прокуратураның арнайы прокурорлар қызметінің бұрынғы басшысы Олеся Кексельге қатысты тергеу шараларын басталды. Бұл ақпаратты ҚР ІІМ баспасөз қызметі растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сондай-ақ, ведомствоның баспасөз қызметіндегілер прокурор Бауыржан Ғаббасовқа қатысты тергеу жүргізіліп жатқанын растады. Өзге ақпарат ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес әзірге айтылмайтыны хабарланды. 

Еске салсақ, Олеся Кексель биыл мамырда арнайы прокурорлар қызметінің басшысы қызметінен босатылған еді. Ол бұл қызметті 2018 жылдың қаңтарынан бастап атқарған. Мұның алдында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Тергеу департаменті басшысының орынбасары болған. 

Реклама
Реклама

2017 жылы Олеся Кексель "Жылдың мемлекеттік қызметкері" атанды. Ол ең күрделі сыбайлас жемқорлық істерімен айналысып, II дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталған.

Tengrinews
Автор сұрағы
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама