Ильин су тасқыны жайлы: Су астында қалған үйлердің тоналуына жол бермейміз

© Талғат Сатыбалдин

Су бас?ан аудандарда ??т?арушылар т?р?ындарды эвакуацияла?ан ?йлерде жергілікті полиция ?ызметкерлері к?зетіп жатыр. Тонаушылы??а жол берілмейді, - деді Ішкі істер министріні? орынбасары Юрий Ильин Орталы? коммуникациялар брифингінде, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Су басқан аудандарда құтқарушылар тұрғындарды эвакуациялаған үйлерде жергілікті полиция қызметкерлері күзетіп жатыр. Тонаушылыққа жол берілмейді, - деді Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин Орталық коммуникациялар брифингінде, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Республика бойынша бүгінгі күнге дейін еріге қар суы мен жаңбырдың толассыз жаууына байланысты 1156 үй су астында қалды, дер уақытында 4715 адам эвакуацияланды. Ақмола облысында - 1340, ШҚО - 52, Жамбыл - 55, Қарағанды - 1850, Қостанай - 200, Ақтөбе - 1174 және СҚО - 44 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Бірден айта кетейін, осы аталған өңірлерде әкімдік қызметкерлері және жергілікті полиция қызметі күзетіп жатыр. Сол себепті де тонаушылыққа жол берілмейді", - деп сендірді Ильин. 

Оның айтуынша, 900-ге жуық адам қауіпті аймақтан шыққан үйлеріне қайтып оралған. 

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама