10 мамыр 2017 | 17:33

Имам көлік сыйлаған мешіт тазалаушысына бизнесмендер баспана салып беретін болды

Көкшетауда кәсіпкерлер мешіттің тазалаушы әйеліне баспана салып бермекші, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, осыған дейін мешіт имамы әйелге көлік сыйлаған болатын.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Көкшетауда кәсіпкерлер мешіттің тазалаушы әйеліне баспана салып бермекші, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, осыған дейін мешіт имамы әйелге көлік сыйлаған болатын.

Тарқата айтсақ, осыған дейін БАҚ-тарда Көкшетау мешітінің бас имамы Қанат Қыдырмин жұмыс ауыстырып, Астанаға көшіп бара жатқанына байланысты бизнесмендерден күтпеген жерден сыйлық ретінде көлік алғаны хабарланған. Сол кезде имам бұл көлікті мешітте тазалаушы болып жұмыс істейтін егде жастағы әйелге сыйлауды шешкен. Көліктің кілтін ұстатып тұрып ол әйелге пәтер сатып алу үшін осы көлікті сатуға кеңес берген.  

Реклама
Реклама


Қанат Кыдырмин (микрофон ұстап тұр)

Мешіттің баспасөз хатшысы Бақыт Смағұлдың айтуынша, молданың мұндай қайырымды ісінен кейін кәсіпкерлер әйелге қосымша ақша жинап беруді шешіпті. "Әйел жалғыз өзі жеті баласын асырап отыр, күйеуі бірнеше жыл бұрын қайтыс болған. Күйеуі де бизнесмен болған, алайда қайғылы оқиғадан кейін әйел далада қалған. Біз оның жер телімі бар екенін анықтадық. Не сол жерге үй салып береміз, не пәтер алып береміз", - деді Смағұл.


Бизнесмендердің имамға сыйлаған Toyоta Camry автокөлігі

Айта кетейік, бұл имамның жасаған жалғыз жақсылығы емес. Баспасөз хатшысының айтуынша, 10 жыл бұрын Қанат Қыдырмин көкшетаулық мешітке келген кезде жергілікті тұрғындар оған Mercedes көлігін сыйлапты. Осы көлікпен үш күн ғана жүрген имам оны мұқтаж жандарға сыйлап жіберіпті. Қазіргі уақытта Қыдырмин Астанаға көшіп барған, енді ол Хазірет Сұлтан мешітінде жұмыс істейді. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная